«Қазақстан» шахтасындағы өрт салдарынан болған топтық апатты тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы 10 жұмыс күніне ұзартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазір шахтаның апаттық учаскесінде 27 тау-кен құтқарушы жұмыс істеп, көмек көрсетуге 14 кенші жұмылдырылған.
Тоғыз бөгет тұрғызылды және 100% толтырылды, 3 бөгеттің құрылысы бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Сонымен қатар, өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Газ мөлшері бақылауда. Жұмыс орындарында температура көрсеткіштерінің нашарлауы байқалмайды.