Шахтадағы апат: Лакшми Миттал жауапқа тартыла ма?

31 Қазан 2023, 14:45
1963
Бөлісу:
Шахтадағы апат: Лакшми Миттал жауапқа тартыла ма?
Фото: BAQ.KZ - архив

46 кеншінің қазасы үшін кәсіпкер  Лакшми Миттал жазалана ма? Бұл жайында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері министрден «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшысы, үндістандық кәсіпкер Лакшми Митталды қандай жаза күтетінін сұрады.

Қанат Шарлапаевтың сөзінше, оқиғадан соң ArcelorMittal айтарлықтай шығынға ұшыраған. 

Біріншіден, дүйсенбіде компанияның сатылымы 5,5 пайызға төмендеді. Ол 21 миллиардтан 20 миллиард долларға дейін қысқарды, яғни Arcelor қазір болып жатқан жағдай аясында кем дегенде миллиард доллар қаржы жоғалтты. Бұл ең алдымен Қазақстандағы трагедияға байланысты. Сондықтан, жауапкершілікке тартылатын нәрсе туралы айтатын болсақ, экономикалық жауапкершілік басталып кетті, - деді Шарлапаев.

Ведомство басшысы кәсіпкерді заңды жауапкершілікке тарту үшін халықаралық құқық нормаларына сүйену керегін айтады. Айтуынша, тиісті тексеру жұмыстарымен құзырлы органдар айналысады.

Өзгелердің жаңалығы