Шахтада қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетіледі

3 Қараша 2022, 11:20
852
Бөлісу:
Шахтада қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетіледі

Бүгін Қарағанды ​​облысындағы шахтада газ жарылып, қаза тапқандар саны бес адамға жетті. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің директоры Арман Қалықов қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаза болғандардың отбасыларынан, кеншілеріміздің әріптестерінен кешірім сұраймыз. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің барлық отбасыларына көмек көрсетіледі, – деді «Арселор Миттал Теміртау» көмір департаментінің директоры Арман Қалықов.

Қайғылы оқиға 3 қарашада сағат 03:00 шамасында Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада болды. Газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде газ кенеттен жарылған. Апат салдарынан бес жұмысшы қаза тауып, төртеуі ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин оқиға орнына барып, апатты тексеретін арнайы комиссияны басқарады. Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, 106 жұмысшы эвакуацияланған.

Өзгелердің жаңалығы