Шахматтан Қазақстан чемпионаты өтті

27 Қазан 2022, 17:48
1216
Бөлісу:
Шахматтан Қазақстан чемпионаты өтті

Шахматтың рапид және блиц түрлерінен өткен Қазақстан чемпионатына еліміздің 7 аймағынан 176 спортшы қатысты, деп хабарлайды  BAQ.KZ.

Жас ерекшеліктері әр-түрлі. Ересегі 60-ты алқымдаса, ең жасы 10-да. Соған қарамастан ойын тартысты өтті. 

Рапидте 9 адаммен ойнадым. Ал блицте 10 адаммен ойнап, 10 адамнан 8 ұпай жинадым. Рапид бізде 10 минут, әр ходымызға 5 секундтан қосылады. Бір ойын 20-25 минут уақыт аралығында өтеді. Ал блицте 3 минут. Әр ходымызға 2 секундтан қосылады. Бір ойын барысы 10-15 минутқа созылуы мүмкін,  - деді  шахматтан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Зейнеп Сұлтанбек.

 Бірнеше күнге созылған жарыс нәтижесінде Павлодар облысының командасы ойынның екі түрінен де жеңімпаз болды. Сондай-ақ Астана мен Алматы және Қарағанды спортшылары да жеңіс тұғырына көтерілді. 

Даму деңгейі өте мықты болып тұр. Қазір білесіздер, Қасым-Жомарт Кемелұлы шахматқа өте жақсы жағдай көрсетіп отыр. Дорожный карта жасап отыр мына шахматқа. Әлем чемпионатында, Азия чемпионатында қыз балаларымыз, ұлдарымыз бәрі жақсы нәтиже көрсетіп отыр, - деді шахматтан мемлекеттік жаттықтырушы Дастан Капаев.

Спорттың бұл түрін елімізде одан әрі дамыту үшін келешекте Қарағандыда шахмат мектебі салынуы мүмкін. Инвесторлар игі жобаға қаржы құюға дайын. Құны шамамен 1,3 миллиард теңге шамасында. 

Халықаралық талаптарға сай эксклюзивті ғимарат салу жоспарымызда. Арнайы жабдықталған ондай мектепте келешекте халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге болады. Бұл жобаның аймағымызға пайдасы зор деп ойлаймын. Қазір мектептің орналасатын жері мен жобаны жүзеге асыру мерзімі пысықталып жатыр, - деді «Элита знаний» халықаралық шахмат мектебі жобасының жетекшісі Корней Изаак.

Жоба жетекшілерінің айтуынша, жаңа шахмат мектебінде 300-ден 600 балаға дейін оқи алады.
 

Өзгелердің жаңалығы