Шахматшы Алуа Нұрман әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

Ол соңғы кезеңде 14 позицияға жоғарылап, +105 ұпай жинаған.

 instagram.com/alua_nurman Бүгiн 2026, 08:11
Бүгiн 2026, 08:11
120
Фото: instagram.com/alua_nurman

Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман жасөспірімдер арасындағы FIDE әлемдік рейтингінде екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

19 жастағы спортшының қазіргі рейтингі – 2443,0 балл. Ол соңғы кезеңде 14 позицияға жоғарылап, +105 ұпай жинаған. Осылайша, Алуа әлемдік көшбасшылар қатарына енді және тек Ресей шахматшысы Анна Шухманнан кейін тұр.

Тағы бір қазақстандық шахматшы Амина Қайрбекова 2374,0 ұпаймен әлемдік рейтингтің 9-орнына жайғасты. Ол да өз көрсеткішін жақсартып, 12 ұпай қосқан.

Жасөспірімдер рейтингінің үздік бестігіне сондай-ақ Қытайлық Лу Мяои, өзбекстандық Афруза Хамдамова және америкалық Элис Ли енген.

Айта кетейік, бұған дейін Алуа Нұрман Карлсруэдегі Гренк шахмат фестивалінде әлемдік назарға ілігіп, партия алдында Магнус Карлсенмен селфи жасаған болатын.

Наверх