Шахмат Олимпиадасында Қазақстан ерлер құрамасы жеңіске жетті

4 Тамыз 2022, 06:41
1569
Бөлісу:
Шахмат Олимпиадасында Қазақстан ерлер құрамасы жеңіске жетті

Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Шахмат Олимпиадасында еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы алтыншы ойынын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жолы ерлер құрамасы Чехияны 2,5:1,5 есебімен сүріндірді.Құрама сапында Арыстанбек Оразаев пен Қазыбек Нөгербек жеңіске жетсе, Ринат Жұмабаев тең түсті. Ал, Әлішер Сүлейменов қарсыласына есе жіберіп қойды. 

Олар бұған дейін Ливан мен Латвияны 4:0, Қытай Тайбейін 3:1, Марокконы 2,5:1,5 есебімен жеңіп, Тәжікстанға 1,5:2,5 есебімен есе жіберген-ді. 

Ал әйелдер құрамасы алтыншы турда Әзербайжанға 1:3 есебімен жол беріп қойды. Олар бұған дейін Перу, Куба мен Бельгияны 3:1, Гватемаланы 4:0 жеңіп , Моңғолиямен 2:2 есебімен тең түсті.

Өзгелердің жаңалығы