Шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие беріледі

25 Мамыр 2021, 10:17
3510
Бөлісу:
Шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында шағын және орта бизнес дамыту үшін 6% мөлшерлемемен микрокредит беріледі. Бұл туралы Үкіметтің отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты.

Министрдің сөзінше, Президенттің тапсырмасына сәйкес «Шағын және орта бизнес үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру» екінші бағыты бойынша жеңілдетілген шарттармен 6%-ға дейінгі мөлшерлемемен микрокредит беру көзделген.

Жалпы сомасы 22,5 млрд теңге сомасына 5 400 жобадан тұратын тізім жасалды, ол ет өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, сүт, тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және басқа да салалардағы бизнес жобаларды қамтиды. Өңірлерде микрокредит беру құралын іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін «Атамекен» ҰКП және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен 15 микроқаржы ұйымы құрылды, - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Айта кетейік, микрокредит алушылар 10 600 қосымша жұмыс орнын ашады.

Еске сала кетейік, министрі Жұмыспен қамтудың жол картасы төрт бағыт бойынша іске асатынын мәлімдеді. Оны жүзеге асыруға 300 млрд теңге қарастырылды.

Өзгелердің жаңалығы