Шағын және орта бизнес қандай төлемдерден босатылады?

4 Қыркүйек 2020, 10:25
1330
Бөлісу:
Шағын және орта бизнес қандай төлемдерден босатылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелері 6 пайызбен субсидияланады.  

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты. 

Президент айтқандай,  бүгін алдымызда тұрған басты міндет экономикалық күрделі жағдайда халықтың табысы мен еңбек орындарын сақтап қалу. Осы тапсырманы сапалы  орындау үшін Үкіметтің қаржы экономикалық блогі нақты іс –қимылдар шарасын дайындады. Соның бірі шағын және орта бизнесті қолдау, - деп атап өтті ол.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, шағын және орта бизнес субъектілері несиелерінің төтенше жағдай басталғаннан бергі 12 айы субсидияланатын болады. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес климатын жақсарту бағытындағы шаралар кешені қабылданатын болады. Соның аясында шағын және орта бизнес иелерін жыл соңына дейін арендалық және коммуналдық төлемдерден босату қарастырылған. 

Мұндай шаралар квазимемлекеттік секторда да қабылданады. Төтенше жағдайдан зардап шеккен ШОБ субъектілері зейнетақы жинақтаушы қоры мен медициналық сақтандыру қорына жасалатын аударымдардан, салық төлемдерінен де  жыл соңына дейін босату көзделген.

Өзгелердің жаңалығы