Шағын бизнес пен қызмет көрсету саласы қатты зардап шекті – кәсіпкер

9 Шілде 2020, 16:35
2308
Бөлісу:
Шағын бизнес пен қызмет көрсету саласы қатты зардап шекті – кәсіпкер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шағын бизнес пен қызмет көрсету саласы қатты зардап шекті. Бұл туралы кәсіпкер Еркін Тәтішев "Коронадағдарыс: экономиканың қалыпқа келуін қалай ынталандыру керек?" атты онлайн дөңгелек үстел барысында айтты. 

Бұл күрделі кезеңде жақынынан айырылған адамдарға көңіл айтудан бастағым келеді. Бұл күрделі кезеңді барлығымыз жұмыла еңсереміз деген ойдамын. Бизнестің жағдайы туралы айтатын болсақ, адам мен қоғам ауырса, бизнес те ауырады. Карантин жағдайында көп бизнес әртүрлі қиындыққа душар болды. Көп бизнес әлі күнге дейін жұмысын жалғастыра алмай келеді. Шағын бизнес пен қызмет көрсету саласы қатты зардап шекті. Менде әлемнің 10 елінде бизнесім бар. Қазақстанда ауыл шаруашылығы мен ет шаруашылығы, тау-кен, сауда саласы бойынша кәсібім бар, - деді ол. 

Кәсіпкер қазір адамдар ауырып, жұмысқа шықпай қойғанын айтты. 

Бұл кеңсе мен қашықтан жұмыс істеуге байланысты емес. Демек, адамдар ауырып, зауыттар мен мекемелерге жұмысқа шыға алмай отыр. Біз желіні қайта қарап, жұмысты өзгертіп жатырмыз. Менің кәсіпкер әріптестерім оны растайды деп ойлаймын. Себебі, біз қазір өткір пандемияның ошағында тұрмыз. Бұл кезеңде біз барлық күшімізді салып, вирусты жеңуге әрекет жасап жатырмыз. Вирустың экономика мен бизнеске терең бойлауына жол бермеу керек, - деді ол. 

Тәтішев сауалнама кезінде кәсіпкерлердің 90 пайызы салықтық демалыс сұрап отырғаны белгілі болғанын айтты. 

Әріптестерім салық төлеуді шегере тұруды сұрайды. Себебі қаражат ағыны төмендеп, экономикалық сұраныс төмендеп, сату көлемі азайды. Сондай-ақ, тауарларды жеткізу бойынша сауда желісі де зардап шекті. Ал Үкімет салықты көтеру мәселесін қарап жатыр екен. Біз салықтық демалыс сұрасақ, олар салықты көтеріп жатыр. Бизнес пен экономика ауырып жатқан кезде бұл, әрине, көңіл көншітерлік жағдай емес, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы