Ұшақ апаты неден болғаны айтылды

16 Сәуір 2020, 21:24
1740
Бөлісу:
Ұшақ апаты неден болғаны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды облысы әуежайының маңында апатқа ұшыраған әскери ұшақтың құлауына не себеп болғаны айтылды.

Оқиға Қарағанды қаласының әуеайлағынан оңтүстікке қарай орын алды. Ұшқаннан кейін қозғалтқыштың біреуінен өрт шықты. Катапульттеуге бұйрық алғаннан кейін әскери ұшқыштар ұшақты елді мекеннен алшақтау жазыққа қарай бағыттады, азаматтық тұрғындарға қауіп төнбейтініне көз жеткізгеннен кейін экипаж катапульттелді. Ұшқыштар аман - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен авиациялық оқиғаны тексеру бойынша комиссия құрылды.

Оқиға орнына Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің іздеу-құтқару қызметінің жасағы келді.

Өзгелердің жаңалығы