Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжде кадет көз жұмды

13 Ақпан 2024, 23:53
827
Бөлісу:
Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжде кадет көз жұмды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжде 1 курс кадеті көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқиға бүгін, 13 ақпанда орын алған.

Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжде 1 курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өз-өзіне оқ жарақатын жасау нәтижесінде мерт болды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді, - деп жазды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы