Үш облыста дабылды ескерту жасалды

2 Қаңтар 2020, 15:06
2083
Бөлісу:
Үш облыста дабылды ескерту жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің үш облысында 3 қаңтар күні ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады.

Нұр-Сұлтан қаласында қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің 15-20 м/с жетеді. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді. 

Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы