ШҚО палуандары Польшада бақ сынайды

2 Тамыз 2019, 16:11
1639
Бөлісу:
ШҚО палуандары Польшада бақ сынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польша астанасы – Варшавада өтетін Вацлав Циолковский Мемориалында төрт бірдей шығысқазақстандық еркін күрес шеберлері бозкілемге беттейді. Бұл туралы buqara.kz сайтында хабарланды.

Күрес түрлерінен өтетін ауқымды аламанда ел құрамасы 15 спортшымен өнер көрсетеді. Оның ішінде төртеуі шығысқазақстандық бозкілем шебері.

Польшадағы дүбірлі додадан соң бапкерлік құрам қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін күрес түрлерінен Әлем чемпионатына қатысатын Ұлттық құрама тізімін бекітеді. Команда жаттықтырушысының кеңесшісі Маирбек Юсупов республикалық спорт сайтына берген сұқбатында кейбір салмақта бірнеше палуаннан белдесетінін жеткізген болатын. Анығы сол, бапкерлер 61 келі мен 74 келі салмақ дәрежелерін жерлестеріміз Расул Қалиев пен Данияр Қайсановқа сеніп тапсырған екен. Одан бөлек, 86 келіде семейлік Азамат Дәулетбеков пен 125 келіде Олег Болтин Ұлттық құрамадан орын алу үшін барын салмақ.

Халықаралық жарыс тамыздың 2-4 аралығында өтеді. Бүгін жерлестерімізден 61 келідегі Расул Қалиев жарыс жолына беттейді. Өзге палуандарымыз тамыздың 3-і күні жүлде үшін талас жүргізбек.

Өзгелердің жаңалығы