ШҚО-ның Жарма ауданында 48 ауыл ауыз сумен қамтамасыз етіледі

26 Қыркүйек 2020, 13:24
2281
Бөлісу:
ШҚО-ның Жарма ауданында 48 ауыл ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-дағы Жарма ауданының тұрғындары жыл соңына дейін 96% таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлады Altaynews.

Жыл қортындысы бойынша, Жарма ауданындағы 50 елді мекеннің 48-і сапалы ауыз сумен қамтылады.

Аудан әкімінің орынбасары Айдар Ибраев тың айтуынша, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Аршалы, Кіші Қарасу, Қапай батыр ауылдарына су құбырларын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 835 млн.теңге бөлінген. Су құбырлары торабының жалпы ұзындығы 31 шақырымды құрайды.

Қапай батыр мен Аршалы ауылдарында атқарылып жатқан осы бағыттағы жұмыстар ағымдағы жыл соңына дейін аяқталады.

Бұдан бөлек, облыстық және аудандық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен  Қапанбұлақ, Кеңтарлау, Қоңырбиік, Балықтыкөл ауылдарына блоктық-модульлік стансалар салынуда.


Өзгелердің жаңалығы