Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемендегі облыстық мамандандарылған медициналық орталығының инсульттік орталығы биыл ағымдағы жөндеуден өткізіледі.
13 жыл жөндеу көрмеген орталықтың бүгінгі жағдайы шынымен де көңіл көншітпейді. Мұндағы медициналық құрылғылар заманға сай болғанымен, палаталардың жағдайы ауыз толтырып айтуға келе қоймас.
Инсульттік орталыққа 2007 жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізіліп көрген емес. Барлығы соңғы жылдары орын алған дағдарыстың кесірінен деп ойлаймын. Дегенмен, қол қусырып отырған жоқпыз. Атап айтсам, өткен жылдың соңында ғана жансақтау бөлімінде күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтап, заманауи құрылғылармен жабдықтадық. Аталмыш бөлімше өте маңызды. Биыл қабылдау бөліміне осындай жөндеу жұмыстарын жүргізбекпіз. Қазіргі уақытта оның жобалық-сметалық құжаттамалары дайын болып, мемлекеттік сараптамадан өту кезеңіне аяқ бастық. Жалпы күрделі жөндеуден өткен соң қабылдау бөлімі "триаж" жүйесіне көшіп, келіп түскен науқастарды жағдайына қарай сараланатын болады, - деді ШҚО мамндандарылған медициналық орталығының бас дәрігері Юрий Старокожев.Жауапты тұлғаның айтуынша, 1950-ші жылдары іргесі қаланған аурухана ғимараты көптеген жоспарларды іске асыруға мүмкіндік бере бермейтін көрінеді.
Инсульттік орталықты күрделі жөндеуден өткізуді 2021 жылға жоспарлап отырмыз. Аурухана ғимаратының жеті қабатында орналасқан травматология, хирургия бөлімшелері де жөндеуді қажет етеді. Қазіргі уақытта аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бір аптадан соң инсульттік орталықта осындай жөндеу жұмыстарын бастайтын боламыз, - деп қосты бас дәрігер.