ШҚО-да жеке тұрғын аумақтардағы өрт азайған

22 Сәуір 2020, 20:37
1433
Бөлісу:
ШҚО-да жеке тұрғын аумақтардағы өрт азайған

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мамандардың хабарлауынша, биылғы жылыту маусымында пеш жағатын жеке тұрғын үйлерде, моншаларда, саяжайларда, гараждарда, көппәтерлі үйлердегі өрт өткен маусымға қарағанда аз болған.

Атап айтсақ, 2019-2020 жылғы жылыту маусымында көппәтерлі тұрғын үйлердегі өрт 22 пайызға азайған, яғни өткен маусымда 72 оқиға орын алса, биылғы жылы тілсіз жау 56 рет тұтанған. Аз да болса жеке тұрғын үйлердегі өрт көрсеткіші төмендеген, яғни 4 пайызға азайған. Өрт сөндіру қызметі мамандары мұны тұрғындардың біртіндеп қауіпсіздік мәдениетіне үйрене бастағанымен байланыстыруда.

Тұрғын аймақта тұтанатын өрттің негізгі себептеріне жұрттың от көздерін абайлап қолданбауы жатады. Өткен кезеңде 280-нен астам осындай оқиға орын алды. Бұл жалпы өрт көрсеткішінің 35 пайызын құрайды. Кең таралған тағы бір себептердің біріне пешті орнату және оны пайдаланудағы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамау жатады. Өткен кезеңде 271 осындай оқиға орын алып, жалпы өрт көрсеткішінің 33 пайызын құрады. Дегенмен, екінші себеп бойынша тұтанған тілсіз жау 3 пайызға азайған. Пешті қайта салу, ақауларын түзеу тұрғын үй иелері тарапынан бірқатар қаржыны талап ететіндіктен, азаматтар мұны істеуден қашқалақтап жатады. Ақыры орны толмас өкінішке алып келеді, - дейді ШҚО ТЖД бас маманы Анастасия Скляр.

Сонымен қатар, өрт саны азайғанымен, одан мерт болатын адамдар саны 2,6 пайызға жоғарлаған. Мысалы, өткен жылыту маусымында 38 адам өрт кезінде көз жұмса, биылғы маусымда олардың саны 39-ға жеткен. Қайтыс болған адамдардың 18-і жұмыссыз әрі алкогольді ішімдіктерге әуес болған. 12 адам өзгелердің көмегіне мұқтаж болса, үш жағдайда кішкентай балалар қаза болған.

Жылыту масуымының тағы бір мәселесі - адамдардың иіс тиіп қайтыс болуы немесе жарақат алуы. Өткен маусымда түрлі дәрежеде иіс тиген 54 тұрғын дәрігерлер көмегіне жүгініп, уақытша ауруханаға жатқызылған.

Дегенмен, иіс тиген адамдардың саны 37 пайызға азайған. Иіс тиюдегі басты себептердің біріне бұрынғысынша – тазартылмаған мұржалар жатады. Еліміздің өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес, жылыту маусымында мұржалар 2-3 рет, ал пеш құдықтары екі айда 1 рет ыстан тазартылып отыруы керек, - деп қосты Анастасия Скляр.

 

Өзгелердің жаңалығы