ШҚО-да туберкулезге қарсы егу қайта басталды

3 Қазан 2019, 08:38
1581
Бөлісу:
ШҚО-да туберкулезге қарсы егу қайта басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде тамыз айында балаларды туберкулезге қарсы егу тоқтатылған. Себебі, біздің дәрігерлер қолданып келген жапондық екпеден күдікті зат табылған еді.

Алтайньюс сайтының хабарлауынша, енді екпе қайта салына бастады. Жапондық өндіруші компания 35 мемлекетке, соның ішінде Қазақстанға жөнелткен бүкіл вакцинаны кері  қайтарып алған болатын. Алайда, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ұлттық сараптама орталығы сәйкес тексерулер жүргізіп, екпенің зиянсыз екенін анықтап отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі барлық басқармаларды туберкулезге қарсы егудің қайта басталғаны жайлы хабардар етті. Осыған орай вакцина уақытша тоқтатылған кезеңде дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына емханаға барып, екпе алу қажет.

 

Өзгелердің жаңалығы