ШҚО-да терезеден құлаған балалардың саны артуда

29 Шілде 2019, 20:58
1623
Бөлісу:
ШҚО-да терезеден құлаған балалардың саны артуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО құтқарушылар тобы ата-аналарға дабыл қағуда. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.

Облыс аумағында терезеден құлаған сәбилердің саны күннен-күнге артуда. Мұндай оқиғалардың көрсеткіші жыл өткен сайын көбеймесе, азаймай отыр. 2016 жылдан 2019 жылдың шілдесіне дейін Семейдің бір өзінде ғана 9 бала терезеден құлап кеткен.

Семей Төтенше жағдай басқармасы қайғылы оқиғалардың алдын алуға шақырады:

- Балаларды қараусыз қалдыруға;

- Терезе мен балкондарды ашық қалдыруға;

- Терезелерге арнайы торларды орнатуға;

- Жиғаздар мен орындықтарды терезеге жақын қоюға болмайды.

Өзгелердің жаңалығы