Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам анықталды.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 вирусын Семей қаласының 1994, 1961 ж.т. тұрғындарынан, Үржарлық 1975 жылғы әйелден, Тарбағатай ауданының 1963 жылғы ер адамынан және Өскемен қаласының 1987 жылғы тұрғыны, әйел адамнан расталды.⠀Байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық тексеру және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 4 науқастан зертханалық талдаулар бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, 1 науқас скрининг кезінде анықталды, - делінген хабарламада.
⠀
Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
⠀
Осы уақытқа ШҚО бойынша коронавирусты жұқтырған 119 адам тіркелді.