ШҚО-да бірнеше мектепке бейнебақылау қойылды

3 Қараша 2019, 14:48
1888
Бөлісу:
ШҚО-да бірнеше мектепке бейнебақылау қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бородулихадағы 23 шағын комплектілі мектепте IT-сыныптар ашылды. Онда балалардың білім алуына барлық жағдай жасалған, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Ағымдағы жылы осы мектептерге 163 ноутбук пен 23 компьютер сатып алынды. Оған 31 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды, - деді аудан әкімі Ольга Булавкина.

Аудандағы барлық мектепте бейнебақылау камералары орнатылды. Бұл оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ольга Булавкинаның айтуынша, биыл Жаңа Шүлбіде, сондай-ақ Жезкент пен Бородулихадағы білім беру ошақтарында «Жас сарбаз» кабинеттері ашылды.

Михайличенково орта мектебінің жанындағы шағын орталықта мемлекеттік тілде білім беретін қосымша топ құрылды, - деді Ольга Булавкина.

Аудандағы мектептерде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан оқушылар мен ерекше күтімді қажет ететін он бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Оған тиісті қаражат қарастырылған.

Биылғы оқу жылында 821 оқушыға тегін мектеп формасы үлестірілді. Осы мақсатта облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Бұдан бөлек демеушілер де қол ұшын берді, - деді Ольга Булавкина.
Өзгелердің жаңалығы