ШҚО-да аюлар фотоқармаққа ілінді

1 Қазан 2019, 13:41
2412
Бөлісу:
ШҚО-да аюлар фотоқармаққа ілінді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында фотоқармаққа қоңыр аюлар ілінді. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіннің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Ғалымдар аюлардың бір ғана ағашқа арқасын қаситынын аңғарған еді. Басында аюлардың жай ғана арқасы қышуы мүмкін деген еді, бірақ мәселе мүлде басқада жатыр екен.

«Олар бір ізбен жүреді, барлық аңдар секілді дәл сол ағашқа қайта оралу үшін нәжісімен белгілеп кетеді екен. Егер де жақын арада тағы бір аюдың бар екенін білсе, ол ағашқа арқасын қаси бастайды, бұтасын тістелеп, тіпті тырнайды да. Бұл арқылы ол өзінің мінезі мен күшін көрсетеді», - деп жазды ол.





Өзгелердің жаңалығы