Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда сумен жабдықтау және суды бұруға арналған 130 жоба жүзеге асырыла бастады.
ШҚО әкімдігінің онлайн-жиынында хабарланғандай, жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 92 сумен жабдықтау нысанын пайдалануға беру жоспарланған.
Қалалар мен аудандардың әкімдіктері, сондай-ақ, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы барлық жобалардың уақтылы және сапалы орындалуын қатаң бақылауға алуы керек. Жалпы, алдағы үш жылда облыс халқының 90,5% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі, - деп айтты ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Өткен жылы облыстың 77 елді мекенінде блок-модульдік станса салынған. Соның нәтижесінде 17 мың шығысқазақстандық орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізді.