Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 тамыз күні ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының қоймасына Америка Құрама Штаттарынан гуманитарлық көмек ретінде 10 600 дана медициналық бетперде мен 730 дана медициналық халат жеткізілді.
"Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің менеджерлері қоймаға келген медициналық заттарға бақылау жасады.
Аталған гуманитарлық көмек (АҚШ-тан келген) белгіленген бөлініспен өңірдегі мемлекеттік аурухана мен емханаларға жеткізілетін болады.
Өздеріңіз білетіндей, облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына келіп түскен дәрілік заттарды қабылдау және бөлудің негізділігін бақылау кезінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында мониторингті Аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің превенция және парасаттылық басқармасы мен "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Оқи отырыңыз: