Шөкеев кәсіп ашқысы келген көпбалалы ананы қабылдады

18 Қаңтар 2020, 05:31
1678
Бөлісу:
Шөкеев кәсіп ашқысы келген көпбалалы ананы қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жеке өтініші бойынша көпбалалы ананы қабылдады.

Жеті баланың анасы Дина Айтимбетова аймақ басшысымен кездесуге  Арыс қаласынан арнайы келген, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Алтын алқа" иегері барша арыстықтар мен өз отбасының атынан алғысын арқалай келгенін айтты. Көпбалалы ана аз ғана уақыт ішінде қаланың қайта құрылып, ажарлануына атсалысқаны үшін аймақ басшысына үлкен алғысын жеткізді. Сондай-ақ, кездесу барысында өз үйінің жанында орналасқан бос жерге жатақхана салып, жеке кәсіп ашпақ жоспарымен де бөлісті.

Облыс басшысы қабылдауға келген батыр ананың бастамасын қолдады. Өмірзақ Естайұлы өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жасалып жатқан мүмкіндіктер жайлы атап өтті. Кездесу соңында аймақ басшысы жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы