Үш күнге арналған ауа райы болжамы

23 Қазан 2019, 14:09
2241
Бөлісу:
Үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның оңтүстік облыстарында антициклонның ықпалынан аздаған бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алдағы үш тәулікте республиканың солтүстік және шығыс облыстарында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады. Батыс желінің күшеюімен бұрқасынның да болуы мүмкін. Ал тропосферада батыс ағындарымен Атлантикадан жылы және ылғалды ауаның келуінен Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі. Бұл әдеттегі осы кезең үшін 2...5°С жоғары.
Өзгелердің жаңалығы