Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

28 Қараша 2019, 17:47
2418
Бөлісу:
Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мәліметінше 29 қарашада Атырау облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Осы күні Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан соққан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болуы ытимал.

Ескертудің дөп келу ықтималдығы 85-90%.

Сонымен қатар, 29 қарашадан 1 желтоқсанға дейін Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-шығысқа ауысып, үш күн бойы жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады.

Ескертудің дөп келу ықтималдығы 95-100%.

29 қарашада Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, оңтүстік-шығыстан күші 15-20 м/с-ке жететін жел еседі. Осы күні түнде Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 18 м/с болуы мүмкін.

Ескертудің дөп келу ықтималдығы 90-95%.

Өзгелердің жаңалығы