Үш қалада ауа сапасы нашарлайды

3 Желтоқсан 2019, 08:33
3980
Бөлісу:
Үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсенбіде еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

3 желтоқсанда атмосфералық ауа сапасы Нұр-Сұлтан, Павлодар және Өскемен қалаларында нашарлайды. Ал Ақтөбе, Ақтау, Қарағанды, Атырау, Костанай, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл, Талдықорған, Тараз және Оралда ауаның ластануы күтілмейді, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы