Алматыда тағы жер сілкіне ме. Комиссия шешім қабылдады

4 Наурыз 2024, 15:16
28242
Бөлісу:
Алматыда тағы жер сілкіне ме. Комиссия шешім қабылдады
Фото: BAQ.KZ - архив

Комиссия жер сілкінісінен соң думпулер болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия алдағы күндері Алматы аумағында күшті жер сілкіністері 70% ықтималмен Алматы болжалды полигонында күтілмейді деген қорытындыға келді.

Операциялық сейсмикалық деректерді талдай отырып, комиссия 2024 жылдың 04 наурыз күні 12 сағат = 20 минутта Алматы болжамалы полигонда сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атады.

4.03.2024 жылы 11:22 мин (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы Мрv=6.1 тіркелген жер сілкінісі Алматыда 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болды. Комиссия жер сілкінісінен соң думпулер болады деп санайды.  "Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жақын арада күшті жер сілкіністері 70% күтілмейді деген қорытындыға келді, - делінген Алматы қаласы ТЖД таратқан хабарламасында.

Жоғарыда аталған Комиссияның шешімі негізінде ТЖД тұрғындарды тұрғылықты жерлеріне қайтуы мүмкін деп шешім қабылданды.

Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады.

Жоғарыда аталған комиссияның келесі отырысы осы жылдың 6 наурызында алдағы сәрсенбі күні өтеді.

Өзгелердің жаңалығы