Сейсмологтар Алматыдан 252 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді

1 Ақпан 2024, 03:35
3063
Бөлісу:
Сейсмологтар Алматыдан 252 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді
Фото: baq.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық сейсмикалық стансалар желісі 1 ақпан күні сағат 01:21-де жер сілкінісін (афтершок) тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым қашықтықта – Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.1. Магнитудасы - MPV 4.6.

Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) білінген жоқ, - деп жазылған Алматы қаласы бойынша кезекші оператордың хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы