Сейсмология орталығы 23-26 қаңтарда 1800-ден астам әлсіз афтершок тіркеді

27 Қаңтар 2024, 00:39
467
Бөлісу:
Сейсмология орталығы 23-26 қаңтарда 1800-ден астам әлсіз афтершок тіркеді
Фото: baq.kz

23 қаңтар мен 26 қаңтар аралығында Қазақстан бойынша «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» 1800-ден астам әлсіз афтершок тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменінің мәліметінше тек олардың 11-і Алматы қаласында 2 баллды құраған.

Сейсмологтардың айтуынша: 23 қаңтарда орын алған жер сілкінісінен кейінгі қалыпты құбылыс әлі күнге дейін жалғасуда. Мамандар бұл процестің қанша уақытқа созылатынын айту қиын дейді.

Бұл көптеген факторларға жер сілкінісінің эпицентрі орналасқан аймақтың сейсмикасы, жер қыртысының геологиялық құрылымы, тектоникалықо ерекшеліктері және басқа параметрлеріне байланысты болады. Бірте-бірте сейсмикалық белсендіру процесі әлсірейді және қалыпты режимге оралады, - деп жазылған мәліметте.

Өзгелердің жаңалығы