«Серт» республикалық байқауы басталды

16 Мамыр 2022, 11:10
2056
Бөлісу:
«Серт» республикалық байқауы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде белгілі болды. 

Өткен жылы ішкі істер министрлігі ел тарихында алғаш рет «Серт» республикалық детективтік шығармалар байқауын өткізгенін еске салғым келеді. Оның қорытындысы бойынша детективтік жанрдағы қазіргі заманғы отандық жазушылардың шығармаларынан құралған екі томды кітап жарық көрді, - деді модератор Шұғыла Тұрлыбек. 

Оның айтуынша, әдеби байқаудың негізгі мақсаты – халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, полицейлер мен басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің күрделі және қауіпті жұмысына қоғам назарын аудару. 

Қазақстан полициясының алдағы 30 жылдығы аясында ІІМ 2-ші республикалық «Серт» байқауын өткізу туралы хабарлайды. Байқау туралы ережені Polisia.kz порталынан көре аласыздар. Шығармалар ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады. Байқауды белгілі жазушылар мен ақындардан, сыншылар мен әдебиеттанушылардан, журналистер мен ішкі істер органдарының ардагерлерінен құралған қазылар алқасы қорытындылайды. Жеңімпаздар Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай марапатталатын болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы