«Серпiн» түлектерi СҚО-ның жаңа зауыттарына жұмысқа орналасуда

26 Маусым 2021, 11:53
3258
Бөлісу:
«Серпiн» түлектерi СҚО-ның жаңа зауыттарына жұмысқа орналасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жайында әлеуметтiк желiдегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.

Елбасының бастамасымен 2014 жылдан берi облыста «Серпiн» бағдарламасы жүзеге асып келедi. Бұл Тәуелсiз Қазақстанның 30 жылдық тарихындағы әлеуметтiк-саяси маңызы бар жобалардың бiрi.

7 жылда өңiрге оңтүстiк облыстардан 2 мыңнан аса қыз-жiгiт келдi. Олар жатақханамен қамтамасыз етiлдi, тегiн әрi сапалы бiлiм алуда. Бүгiнде 1 мыңға жуық бала диплом алды. Серпiндiктердi еңбекпен қамту үшiн көмек көрсетiледi. Университет түлектерiнiң 92%-i облыста қалып, жұмысқа тұрды.

Мысалы, биылғы жылдың түлектерi өңiрде жаңа ашылып жатқан кәсiпорындарға жұмысқа орналасуда. Жаңа электртехникалық зауытына 31 серпiндiк жұмысқа алынды. 4 түлек «CLAAS» ауыл шаруашылығы техникасы зауытына қабылданды. Түлектер ауыл шаруашылығы, құрылыс, энергетика, бiлiм беру, темiр жол салаларының дамуына өз үлестерiн қосуда, — деп жазды өңiр басшысы.

Серпiндiктердiң облыста қалып, елге қызмет етуiне бар жағдай жасалуда. «Серпiн» түлектерi солтүстiкте шаңырақ көтерiп, отбасы құрып жатыр. Жас жанұяларда 10 кiшкентай азамат дүниеге келдi.

Өзгелердің жаңалығы