Серікқали Брекешев: Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін экологиялық мәселені шешу керек

4 Қараша 2021, 09:45
1004
Бөлісу:
Серікқали Брекешев: Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін экологиялық мәселені шешу керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті. 

Парниктік газдар шығарындыларын азайтатын іс-шараларды қамтитын жол картасы әзірленді. Құжат мемлекеттік органдарда келісу сатысында тұр. Климаттың өзгеруі мен көміртекгінің бейтараптығына қол жеткізу үшін экологиялық проблемаларды шешу қажет. Біз сол арқылы ғана шешім таба аламыз, – дейді ол. 
Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы жаһандық температураны 2 градустан астам өсуіне жол бермеу жөніндегі Париж келісімдегі температуралық мақсатқа қол жеткізу жолындағы күш жігерді жандандыру және амбицияларды арттыру жөніндегі жаһандық күн тәртібін толық қолдайды.

Еліміздегі негізгі экологиялық проблемалар – ауаның ластануы, жер үсті сулары мен қалдықтармен жұмыс істеудің нашарлығы. Атмосфералық ауа монирорингіне сәйкес, 45 өнеркәсіп қала ішінде, оның 10 жоғары деңгейдегі ластануға жатады. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Жезғазған және Өскемен қалалары. Бұл мәселе жабдықтардың тозуы, шаң тазарту қондырғыларының тиіссіздігі, жаңғырту мен қайта құрудың болмауынан болып отыр, – дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Өзгелердің жаңалығы