Серікбай Нұрғисаев: Түрлі көзқарастың басын тоғыстырдық

13 Қазан 2022, 14:50
5011
Бөлісу:
Серікбай Нұрғисаев: Түрлі көзқарастың басын тоғыстырдық

Мемлекет қайраткері Серікбай Нұрғисаев ел астанасындағы саяси аптаға қатысты ойын ортаға салды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Таяуда Қазақстанға әлемге абыройлы тұлғалардың басында тұратын Рим Папасы келгенін білеміз. Міне, одан соң 11 мемлекеттің басшылары елімізге жиналып, маңызды дүниелерді талқыға салып жатыр. Осылайша, Қазақстан өркениетті елдердің көзқарасын, ойын ортаға салатын үлкен алаңға айналды. Менің ойымша, бұл дүниелерден көретін пайдамыз өте көп, мемлекеттің, ұлттың имиджіне оң әсер етеді. Сондықтан бұған көпшілік айтқандай теріс баға беруге болмайды – дейді ол.

Оның сөзіне қарағанда, қазір әлем елдеріндегі жағдайды жақсы білеміз. 

Теңеп жеткізсек, көрші көршіге бас сұқпайтын заман болды. Осы мезетте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сауатты дипломатиялық әрекеттерінің арқасында түрлі көзқарастағы мемлекеттердің басын қосып, саяси, экономикалық, миграциялық, сауда мен әрісі әскери проблемаларды да талқыға салатын дәрежеге жеттік. «Елдердің дамуы қайда бара жатыр?» деген күрделі сауалды жан-жақты қарастырып жатырмыз – дейді мемлекет қайраткері.

Ол келесі айтар маңызды дүние – Қазақстан адамзаттық мәселелерге баса ден қойып отыр дейді.

Рим Папасы елімізге текке келген жоқ. Адами қасиеттерді, соның ішінде діни құндылықтарды еліміз арқылы дүниежүзіне дәріптеуді жөн деп тапқаны анық. Ұлттық аспабымыз домбыраны қолына ұстап тұрып, оның киесі мен ғажап үні жайлы тебіреніп айтқанының өзі керемет әсер сыйлады. Сол себепті белсенді түрде өтіп жатқан соңғы ауқымды басқосуларды өз басым жоғары өреде, жақсы бағалаймын. Осы арқылы мемлекетіміз әлемдегі дамыған елдердің деңгейінен қалмай, қатарласып келеді. Бұған қайта қуануымыз керек деп ойлаймын – дейді Серікбай Нұрғисаев.

Өзгелердің жаңалығы