Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов – апат орнында.
Үкімет мүшелерінің міндеттері – апаттың себептерін анықтап, зардап шеккен тұрғындардың кезек күттірмейтін мәселелерін шешу. Төтенше жағдай зардаптарын жедел жою ісі бақылауға алынды.
Қазіргі уақытта ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр.143 көп қабатты және 132 жеке үйге, сондай-ақ 13 әлеуметтік нысанға жылу беру қалпына келтірілді. 21 учаскенің 20-сында жөндеу жұмыстары аяқталды. Проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында үйлерді аралау жалғасып жатыр. Қалада азаматтар үшін 14 жылыту пункті жасақталған.