Серік Жарасбаев Туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды

29 Қараша 2023, 17:06
453
Бөлісу:
Серік Жарасбаев Туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Серік Маратұлы Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Серік Жарасбаев 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей халықаралық олимпиада университетін тәмамдаған.

Әр жылдары бокстан жаттықтырушы-оқытушы, Петропавл қаласы БЖСМ нұсқаушысы, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді.

2011-2012 жылдары — ҚР МСМ Спорт комитеті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, инновациялық технология және білім басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.

2012-2014 жылдары — ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі департаментінің басқарма басшысы, Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры.

2014-2018 жылдары — ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары.

2018-2019 жылдары — ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы.

2019-2021 жылдары — ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары.

2021 жылы — «Қазақстандық керлинг, едендік керлинг және петанга федерациясы» РҚБ бірінші вице-президенті.

2021-2023 жылдары — ҚР мәдениет және спорт вице-министрі.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы РМҚК директоры.

Өзгелердің жаңалығы