Серік Шәпкенов қоғамдық қабылдауда азаматтарды қабылдады

29 Желтоқсан 2021, 21:15
1664
Бөлісу:
Серік Шәпкенов қоғамдық қабылдауда азаматтарды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов ҚР Еңбекминінің қоғамдық қабылдау бөлмесінде онлайн қабылдауды өткізді. 

2 сағаттан астам уақытқа созылған қабылдау барысында ведомство басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, сондай-ақ Қарағанды және Қостанай облыстарының 9 тұрғынының мәселелерін қарады.

Азаматтар министрге жұмыстан босатудың заңдылығы, көпбалалы отбасылардың әлеуметтік мәртебесін арттыру, борыш жүктемесін азайту, көпбалалы және мүгедектігі бар адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша көмек пен кеңес алу үшін жүгінді. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру және оқыту бойынша өтініштер болды.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Серік Шәпкенов олардың өтініштері бойынша егжей-тегжейлі жауаптар берді, ал қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер бойынша ҚР Еңбекминінің тиісті департаменттеріне өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге жәрдем көрсетуге тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы