Серік Шәпкенов қоғамдық қабылдауда азаматтарды қабылдады

29 Қараша 2021, 18:12
1083
Бөлісу:
Серік Шәпкенов қоғамдық қабылдауда азаматтарды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов 27 қараша күні Еңбекминінің қоғамдық қабылдауында азаматтарға онлайн түрде қабылдау өткізді. 

5 сағатқа созылған қабылдау барысында ведомство басшысы Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының 14 тұрғынының мәселелерін қарады.

Азаматтар министрге мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру, оларға оңалту және санаторий-курорттық емдеу, инватакси және жеке көмекшілер қызметтерін көрсету мәселелері бойынша көмек және кеңес алу үшін жүгінді.

Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, зейнеткерлікке шығу, сондай-ақ зейнетақы төлемдері және декреттік жәрдемақы тақырыптары көтерілді. Еңбекминінің басшысы сондай-ақ еңбек даулары мен жұмысқа орналасудағы қиындықтар мәселесін қарады.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Серік Шәпкенов олардың өтініштері бойынша егжей-тегжейлі жауаптар берді, ал қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер бойынша ҚР Еңбекминінің тиісті департаменттеріне өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге жәрдем көрсетуге тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы