Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Серік Сәпиев өз орынбасарымен төбелесіп қалды

Бүгiн, 11:48
619
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Әлеуметтік желіде Олимпиада чемпионы, боксшы Серік Сәпиев өзінің орынбасары Дәурен Есімхановпен төбелескені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тараған мәліметтерге сәйкес, жанжал 21 қаңтар күні Қарағанды қаласындағы облыстық кешенді мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аумағында болған.

Алдымен екі тарап сөзге келіп қалып, кейін ол төбелеске ұласқан. Соның салдарынан Серік Сәпиев дене жарақатын алған. Аталған факт бойынша ұрып-соғу дерегі тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

42 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анықталғандай, 21 қаңтар күні қаладағы спорт кешендерінің бірінің ғимаратында екі ер адам арасында жанжал болған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, – деп мәлімдеді өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Серік Сәпиев Алматыда өткен аралас жекпе жек турнирінде балуан Зелимхан Мусихановпен жанжалдасып қалған еді.

Өзгелердің жаңалығы