Серік Қожаниязов еліміздегі су саласының дамуы туралы айтты

28 Қаңтар 2022, 16:57
1717
Бөлісу:
Серік Қожаниязов еліміздегі су саласының дамуы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов мәлімдеді.

Вице-министр қазіргі Су шаруашылығы жағдайы мен су саласының даму перспективалары туралы хабардар етті.  

Айта кету керек, Арал-Сырдария, Шу-Талас және Балқаш-Алакөл бассейндеріне жалпы суармалы судың 97 пайызы тиесілі.
Су тасқыны қаупі басым бассейндерге Есіл, Нұра-Сарысу, Ертіс және Тобыл-Торғай жатады, -деді Қожаниязов.

Сондай-ақ вице-министр Қазақстан өзендерінің бассейндеріндегі су шаруашылығы жағдайы келесідей екенін айтты. 

Бассейн өзендерінің сулылығы вегетацияаралық кезеңде нормадан 86% деңгейінде күтіледі. Тоқтоғұл су қоймасындағы (Қырғызстан Республикасы) су көлемі 9 млрд 196 млн м3 құрап отыр бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд 672 млн м3 аз. Бахри-Точик су қоймасындағы (Тәжікстан Республикасы) су көлемі 3 млрд 414 млн м3 бұл өткен жылмен салыстырғанда 29 млн м3 аз. Шардара су қоймасының су көлемі  3 млрд 214 млн м3 (2021 жылы – 3 млрд. 759 млн. м3),  2021 жылға қарағанда 545 млн м3 аз , -деді Серік Қожаниязов.

Оның атап өтуінше, 2021-2022 жылдары вегетацияаралық кезеңдегі ағын 2022 жылғы ақпан-наурызға арналған ҰБЖ болжамды жұмыс кестесі (81-МҮСШК отырысында келісілген) расталған жағдайда, болжамнан 2 млрд 259 млн м3 төмен болады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы