Серік Ибрагимов екінші мәрте әке атанды

7 Желтоқсан 2020, 23:16
3757
Бөлісу:
Серік Ибрагимов екінші мәрте әке атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Серік Ибрагимовтің отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің жары оған қыз бала сыйлаған.  

Бақыттан басы айналған әке бұл қуанышты хабарымен бірден INSTAGRAM-дағы парақшасында бөлісті. Эстрада жұлдызы қалың көпшіліктен сүйінші сұрап, қызды болғанын ресми түрде жария етті. 

Аллаға шүкір! Сүйінші, ағайын! Алланың қалауымен келіншегім қыз босанды! Хамза қарындасты болды. Аллаға мың шүкір! Ата-аналарыма, жақындарыма, дос-бауырларыма көп рақмет. Қабырғама мың алғыс. Баршаңызға жұғысты болсын, жақындарым, - деп жазды Ибрагимов.

Өнер иесі қызы мен жарын перзентханадан шығарып алып үлгерген. Карантин салдарынан бұл шараны ауқымды өткізе алмаса да жұлдызды әке жарын гүл шоқтарымен көмкеріп, оған кішігірім концерт ұйымдастырған. 

Өзгелердің жаңалығы