«Сергек» сағатына 40 шақырым жылдамдыққа ауыстырылды

8 Мамыр 2022, 17:29
2819
Бөлісу:
«Сергек» сағатына 40 шақырым жылдамдыққа ауыстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыраудағы Бейбарыс даңғылы мен М.Тоқатов көшелері қиылысына сағатына 40 шақырым жол белгісі орнатылып, жол жүрісі қағидаларын бұзушылықты автоматты түрде тіркейтін «Сергек» аппараттық - бағдарламалық кешені сағатына 40 шақырым жылдамдыққа ауыстырылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Бұл бойынша осыған дейін Полиция департаменті тарапынан көптеген ескерту хабарламалары жарияланды және бәрі заң шеңберінде орнатылған болатын.

Қазіргі таңда аталған жердегі «Сергек» аппараттық - бағдарламалық кешенінің жылдамдық өлшеу құрылғысы жүргізушілердің өтініштеріне сәйкес «Ең жоғары жылдамдықты шектеу» уақытша сағатына 60 шақырым жылдамдыққа ауыстырылды. Тиісті қосымша жол белгілері орнатылғаннан кейін қайтадан «Ең жоғары жылдамдықты шектеу» сағатына 40 шақырым жылдамдыққа ауыстырылатын болады.

Сонымен қатар осыған дейін көрсетілген жерлерде «Ең жоғары жылдамдықты шектеу» сағатына 40 шақырым жылдамдықпен айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тіркелген тұлғалар назарына айыппұлдар төленуге жатады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 743-бабының (Хабардар ету)  4-1-бөлігінің (Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама мынадай жағдайларда) 1-тармақшасына сәйкес көлік құралы меншік иесіне «Қазпошта акционерлік қоғамының қызметкерлері арқылы тіркелген мекен-жайына немесе осы баптың, осы бөліктің  4-тармақшасына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталында немесе құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық сервисінде көлік құралының меншік иесі көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөміріне мәтіндік хабарлама (1414 қысқа номерінен) жеткізілген жағдайда, тиісінше жеткізілді деп танылады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұялы байланыс нөмерлері тіркелгенін немесе тіркелмегенін тексеріп алуларын өтінеміз.

Осыған байланысты, тиісті хабарлама жеткізілген сәттен бастап, тіркелген айыппұлдың елу пайыз мөлшерін қысқартылған тәртіпте осы Кодекстің 811-бабының 1-бөлігіне сай жеті жұмыс күні ішінде төлеуге құқығыңыз бар.

Қысқартылған тәртіпте жеті жұмыс күні ішінде төленбеген айыппұлдың соммасы қаулы шығару арқылы жүз пайызға өзгертіледі және Кодекстің 893-бабына сәйкес тұлғалармен бұл айыппұл соммасы 30 тәулік ішінде төленуге тиіс.

Аталған мерзімдерде айыппұл төленбеген жағдайда мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында, жеке сот орындаушыларға жолданып, олармен банк карточкалары бұғатталып, Қазақстан республикасы аумағынан шығуға және атындағы мүліктеріне шектеу қойылады.

Өзгелердің жаңалығы