Сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткені үшін бірқатар мемқызметкер сотталды

2 Ақпан 2021, 15:44
1927
Бөлісу:
Сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткені үшін бірқатар мемқызметкер сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің лауазымды тұлғалары сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткені үшін сотталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі телеграм каналында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Резерв» РМК филиалдарының Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің лауазымды тұлғалары мен азық-түлік жеткізушілеріне қатысты (22 адам) 6,5 млрд теңге сомасында аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, - делінген хабарламада.

Осы жылдың 1 ақпанда Алматы қалалық Алмалы ауданы сотының үкімімен 21 адам бас бостандығынан айырылды және біреуінің бас бостандығына шектеу қойылды:

– Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің бұрынғы төрағасы Иманалиев 8 жылға бас бостандығынан айырылып, Президентке мемлекеттік наградаларынан – «Құрмет» ордені, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медальдарынан айыру туралы ұсыныс енгізілді (үй қамауы үкім заңды күшіне енгенге дейін сақталды, үкім күшіне енгеннен кейін ол қамауға алынады);

– ММРК Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Мақашев 8 жылға бас бостандығынан айырылды; 

– «Резерв» – «Высота» РМК филиалының директоры Жақанов пен бөлім бастығы Родин, сондай-ақ «Резерв» – «Сигнал» РМК филиалының директоры Ғалиев 8 жылға бас бостандығынан айырылды; 

Аталған лауазымды тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

– «Резерв» – «Высота» РМК филиалы директорының орынбасары Құсайыновқа 2 жылға бас бостандығына шектеу қойылды;

Азық-түлік өнімдерін жеткізушілер Адамов, Дроздецкая, Тартуманов, Рашитов, А.Сабазов А., О.Сабазов, Абдукаримов, Бақаев, Ғабдуллин, Садай, Исаев, Б.Қожанов, Д.Қожанов, Қанатхан, Мұстафинов, Оспанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өзгелердің жаңалығы