Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіптің сенімді өнімдерініңтізіліміне 7 IT-шешімді енгізді.
Аталған тізілімге енген өндірушілердің мемлекеттік сатып алуға біліктілікті алдын-ала іріктеу тәсілімен қатысуға құқығы бар. Тізілімдегі шешімдерді сатып алудың басым тәртібі 2019 жылы қабылданған "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңнамаға енгізілген түзетулерге сәйкес айқындалған.
Тізілімге киберқауіптерден қорғау бойынша, ұйымдардың қызметін автоматтандыру, электрондық құжаттармен жұмыс істеу, білім беру процесін басқару, ақпараттың және т.б. жария болуын болдырмауға арналған бағдарламалық шешімдер енгізілді. Атап айтқанда, "tLab" жүйесі ("T&T Security" ЖШС), Arta Synergy платформасы ("ArtaSoftware" ЖШС), "КиберСтраж" ("Kazdream Technologies" ЖШС), "ЕСУВО" және "Platonus College" ("Platonus" ЖШС), "Гепортал" ("ГеоКом Астана" ЖШС), "Documentolog" жүйесі ("Documentolog" ЖШС).
Өнімді тізілімге енгізу үшін компания қажетті құжаттарды толық ұсынды: бағдарламаға немесе өнімге айрықша құқықты растады, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сертификатын, бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған индустриялық сертификатты немесе өнімге арналған "СТ-KZ" сертификатын, кепілдік міндеттеме және т. б. ұсынды.
Тізілімнің мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы құрылғанын айтып өту керек. Бүгінгі күні Тізілімге 16 компанияның электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша жасаған 19 өнімі енгізілді.