Сенім артып, қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына алғыс айтамын – Головкин

29 Ақпан 2024, 22:06
419
Бөлісу:
Сенім артып, қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына алғыс айтамын – Головкин
Фото: https://www.instagram.com/p/C30OpQONscx/

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Головкин Президентке сенім артып, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Даңқты боксшы бұл туралы Instagram парақшасында жазды.

Ең алдымен маған сенім артып, қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына алғыс айтамын. Бүгінгі кездесу барысында ҰОК қызметіндегі маңызды сәттерді, атап айтар болсақ, жаңа олимпиадалық циклге қатысты мәселелерді талқыладық. Ұлттық Олимпиадалық комитет алдында тұрған барлық міндетті жақсы түсінеміз, өзіндік көзқарасымыз, жүзеге асыратын жоспарларымыз бар. Өзімнің және командамның атынан еліміздің әлемдік аренадағы беделін нығайтып, халықаралық спорттық ұйымдармен ара-қатынасты жақсартып, Президент сенімін ақтау үшін бар күшімізді салатынымызды айтқым келеді, – деді Геннадий Головкин.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа президенті Геннадий Головкинді қабылдаған.

Өзгелердің жаңалығы