Сенегал жағалауында мигранттар мінген қайық суға батып, 39 адам көз жұмды

Сенегал билігінің мәліметінше, құтқарушылар жағалаудың 25 шақырымдық аумағын тексеріп жатыр.

 Getty Images 10 Қараша 2026, 04:27
10 Қараша 2026, 04:27
207
Фото: Getty Images

Сенегал жағалауында Испанияға бет алған мигранттар мінген шағын ағаш қайық аударылып, кемінде 39 адам көз жұмды. Тағы бір адам құтқарылды. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

ВВС-дің хабарлауынша, оқиға Дакар мен елдің солтүстігіндегі Сен-Луи қаласының арасындағы Кебемер ауданы маңында болған. Қайық Канар аралдарына қарай бағыт алған.

Сенегал билігінің мәліметінше, құтқарушылар жағалаудың 25 шақырымдық аумағын тексеріп жатыр. Алайда теңіз ағыстары мен оқиға орнына жетудің қиындығы іздестіру жұмыстарын күрделендірген.

Ел президенті Бассиру Диомай Фай қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, азаматтарды қауіпті теңіз сапарларына бармауға шақырды. Сондай-ақ ол заңсыз көші-қонды ұйымдастыратын желілермен күресті күшейтуге уәде берді.

Айта кетейік, Испанияның Walking Borders ұйымының дерегінше, 2026 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Атлант мұхиты арқылы Канар аралдарына жетуге тырысқан 635 мигрант қаза тапқан.

Наверх