Сенбіге арналған ауа райы болжамы

27 Қараша 2022, 08:10
1144
Бөлісу:
Сенбіге арналған ауа райы болжамы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

«Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 27-сіне жасалған күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстан республикасының басым бөлігі әлі де суық Солтүстік антициклон әсерінде болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады.

Елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы күрт төмендейді. Еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты қар жауады, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында – жауын (жаңбыр, қар) жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, еліміздің шығысында - жаяу бұрқасын болады.

ҚР бойынша желдің күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы