Сенбіге арналған ауа райы болжамы

29 Қазан 2022, 08:15
1337
Бөлісу:
Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Бүгін түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік- шығыстан жел соғады, Алакөл аумағында екпіні 17-22 м/с дейін барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазгидромет мәліметінше, осы күні Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Сол сияқты, түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында тұман күтіледі.

Қазақстан облысының солтүстігінде де тұман түсуі мүмкін.

«29 қазанда Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с дейін барады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал», - деп жазды ведомстводан.

Ал 30 қазанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 30 қазанда екпіні 23 м/с күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы