Сенбіде елімізде жел күшейіп, тұман түседі

28 Желтоқсан 2019, 08:36
2584
Бөлісу:
Сенбіде елімізде жел күшейіп, тұман түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбіде ел аумағының кей жерінде жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Бұрынғыша Қазақстан аумағының батыс бөлігіне Қара теңіз аймақтарынан ауысатын циклон ықпал етеді, соған байланысты батыс пен солтүстік-батыстың кей жеріңде қар, жаңбыр жауады. Қалған өңірлерде атмосфералық қысым жоғары болмақ, соның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын, жел күшейеді, солтүстікте - бұрқасын болады.

Алматы облысының түнде кей жерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде, жаяу бұрқасын, тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ, түнде және күндіз жел күшейеді - 15-20 м/с.

Қызылорда облысында кей жерде тұман түсуі ықтимал, таңертең және күндіз жел күшейіп, көктайғақ болады.

Қостанай облысында кей жерде тұман, көктайғақ, түнде жел күшейіп, жылдамдығы 18 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерінде күшті жел тұрады - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерде тұман түсуі мүмкін, көктайғақ.

Маңғыстау, Павлодар облыстарында кей жерде тұман күтіледі, көктайғақ. Қарағанды облысында күндіз көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Муғалжар ауданында желдің екпіні 18 м/с.

Қостанай облысының кей жерінде тұман, күндіз бұрқасын, көктайғақ, жел тұрады, жылдамдығы 18 м/с.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі. Атырау облысында көктайғақ болады.



 

Өзгелердің жаңалығы