Сенбі, 7 мамырға арналған ауа райы болжамы

Сенбі, 7 мамырға арналған ауа райы болжамы
893

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 

Елдің батысында нөсер жауын жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік аймақтарда дауыл тұрып, елдің оңтүстігінде, батысында бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде көктайғақ болып, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. 

Қызылорда облысының солтүстігінде дауыл тұрады, күндіз орталығында шаңды дауыл тұрады, түнде облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. 

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, күндіз оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады, басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін, күндіз солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 23-28 метрге дейін күшейеді. 

Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, басым бөлігінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен есіп, екпіні 23-28 м/с болады. 

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл тұрады, таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшеюі ықтимал. 

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында тұман түсіп, облыстың солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болып, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. 

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ болып, түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түсіп, түнде батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз оңтүстік жартысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. 

Алматы облысында найзағай ойнап, күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстік жартысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы